Ресейлік боксшы қазақстандықтарды Олимпиададағы негізгі қарсыластарының бірі деп атады

Ресейлік боксшы қазақстандықтарды Олимпиададағы негізгі қарсыластарының бірі деп атады
ашық дереккөз
Ресейлік боксшы қазақстандықтарды Олимпиададағы негізгі қарсыластарының бірі деп атады
20160729113203 Бокстан Әлем және Еуропа чемпионы, ресейлік Евгений Тищенко Рио Олимпиадасындағы негізгі қарсыластарын атады, деп хабарлады sports.kz. «Ресей құрамасы турнирге жақсы дайындалған, Олимпиадаға жақсы көңіл-күймен аттанғалы жатырмыз. Медальдарға қол жеткізу үшін бара жатырмыз, - деді Тищенко. - Әлем чемпионатында жеңіске жеткенмін, енді өмірімдегі ең маңызды қадам жасап, алтын медальға ие болуым керек. Олимпиадаға 100% дайынмын. Негізгі қарсыластарым - Италия, Куба және Қазақстан спортшылары. Өзге елдердің боксшылары да мықты бәсекелес бола алады. Сондықтан әр жекпе-жекке жақсы дайындаламын». Тищенко 91 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Спортшы 2015 жылы Болгариядағы Еуропа чемпионатында және Катарда әлем чемпионатында жеңіске жетті. Ресейлік 2013 жылы Қазақстандағы әлем чемпионатында күміске ие болған.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар