Ауғанстан Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылып, оның 164-ші мүшесі атанды.
Ауғанстан сауда ұйымына кіру туралы өтінімді 2004 жылы жолдаған болатын. Бұл мәселеге қатысты келіссөздер 2015 жылдың қарашасында сәтті аяқталып, 17 желтоқсанда Найробиде өткен ДСҰ министрлік конференциясы кезінде ұйымға кіру туралы хаттамаға қол қойылды. Ел парламенті аталған құжатты 18 маусымда ратификациялады, деп жазады ТАСС. Қазіргі таңда 19 мемлекет Дүниежүзілік ұйымға қосылу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Дүниежүзілік сауда ұйымы – әлемдік сауда саласында қадағалау қызметін жүзеге асыратын бірден бір халықаралық орган.
Ақпарат көзі: BNews.kz
Comments are closed.