Елордалық жігіт хакерлік шабуылдан қорғау халықаралық байқауында жеңіске жетті

Елордалық жігіт хакерлік шабуылдан қорғау халықаралық байқауында  жеңіске жетті
ашық дереккөз
Елордалық жігіт хакерлік шабуылдан қорғау халықаралық байқауында жеңіске жетті
Астаналық Олег Биль компьютер вирусы, спам, хакерлік шабуылдар мен өзге де киберқауіптерден қорғау халықаралық байқауында топ жарды. Конкурсқа «Касперский зертханасы» мұрындық болған, деп хабарлайды BNews.kz.
 Зертхана крэкми-бағдарламаларды талдау бойынша байқау өткізді. Оның мәні – аталған бағдарлама дұрыс  деп тапқан кілтті табу.

Бұған дейін жеңімпаз Қостанай мемлекеттік университеті бағдарлама әзірлеу және енгізу секторының жетекшісі болып қызмет еткен. Қазір жас жігіт елордада тұрады, деп жазады «Қостанай жаңалықтары».

Ақпарат көзі: BNews.kz 

Ұқсас жаңалықтар