Мемлекеттің қаржы ресурстарын, әсіресе, республикалық бюджет қаражатын тиімді пайдалану және бақылау проблемалары еліміз үшін өзекті мәселе болып табылады. Өйткені, бюджет қаражатын пайдалану және мемлекеттік қаржы ресурстарын басқаруға байланысты қабылданған басқару шешімдерінің орындау тиімділігінің деңгейі елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына қол жеткізуіне және оның қаржы-бюджеттік жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз етуіне ықпалын тигізеді. 2015 жылы 12 қарашада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңға қол қойды. Аталған заң бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған. Осыған орай, бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды жүзеге асыратын қаржылық бақылау комитетіне айрықша міндет жүктеліп отыр. Мемлекет өзінің ақшасын түрлі ұрлықтан сақтауға, жемқорлық сияқты құбылысты жоюға ұмтылады. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржы саясатын дұрыс іске асыруға ықпал етеді, халық шаруашылығының барлық салалары мен буындарында қаржы ресурстарын қалыптастыру үрдісі мен тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетімен және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша осы органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілеріне мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар жатады. Қаржылық бақылауды белгіленген құзыреті шегінде бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру немесе анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету, нұсқамаларды орындау және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту жолымен қалпына келтіруді қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік аудиттің ең алдымен, мемлекеттік қаржылық бақылаудан өзгешелігі: басты назар сәйкестік аудитінен – мемлекеттік қаржы ресурстары мен мемлекеттік мүлікті пайдаланудың тиімділігі аудитіне қарай бет бұрады. Мемлекеттік аудитті енгізу – мемлекеттік қаражатты бақылауды жетілдірудегі маңызды бағыттардың бірі, сондай-ақ алға қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудің неғұрлым пәрменді құралдарының бірі. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экономиканы немесе оның жекелеген салаларын дамытудағы қызметін бағалау, тексеру негізінде мемлекеттің қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың активтерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік қаржылық бақылау аудит объектілерінің жасаған бұзушылықтарын жоюға және ден қою шараларын қолдануға бағытталатын болады. Қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен деңгейін түбегейлі арттыруға Мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндеттерді шешкен жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Қазақстан кең көлемді жобаларды табысты іске асыра алатындығын сан мəрте дəлелдеген болатын. Республикамыздың жиырма бес жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері болашаққа жарқын болжам жасауға мүмкіндік береді. Сол себепті, қазіргі сəтте осы бір ауқымды да маңызды құжатты əрқайсымыз мұқият ой елегінен өткізіп, оны орындау үшін нақты жұмысқа кіріскеніміз жөн.
Маржан Көпешова, облыс бойынша қаржылық бақылау инспекциясы №3 бақылау бөлімінің бас бақылаушы-тексерушісі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді