БІРЛІК – БАЗ БІРЕУЛЕРГЕ БҰЙЫРМАҒАН БАҚЫТ

БІРЛІК – БАЗ БІРЕУЛЕРГЕ БҰЙЫРМАҒАН БАҚЫТ
ашық дереккөз
БІРЛІК – БАЗ БІРЕУЛЕРГЕ БҰЙЫРМАҒАН БАҚЫТ
Бүгінгі таңда бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір кешіп жүрген мемлекеттер саусақпен санарлық. Қазақстан – қарулы қақтығыстардан ада, ұрпағы зеңбірек үнінен бейхабар ел. Мен мұны қонақжай, дархан қазақтың пейіліне берілген Құдайдың сыйы деп білемін. Мойынқұм ауданында көптеген ұлттың өкілдері жарасып ғұмыр кешуде. Солардың ішінде біздің күрді қауымы да бар. Алалау мен бөтенсу жоқ, барлығымыз жергілікті жұртпен біте қайнасып келеміз. Сыйласып, сырласып жүреміз. Бірлік бар жерде тірлік болатынын уақыт өзі дәлелдеуде. Ісіміздің ілгерілеуін бекем тұтастығымыздың нәтижесі деп есептеймін. Ұрпағымыздың есен-сау өмірі үшін, шекарасыз сыйластығымыз үшін осынау дархан халыққа ризамыз. Отанымызды мекен еткен көптеген ұлт пен ұлыстың мүддесін ескеріп, ерекше құрмет жасап, күнтізбеден мерекелік күн, мәжілістен орын бергені – қаймағы бұзылмаған достықтың нышаны. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма жылдық мерекесіне орай түрлі мәдени шара өтіп, дәстүріміздің дәріптеліп жатқанына шын қуаныштымыз. Барша қауымға тілерім – ымырасыз ынтымақ, бейбіт заман, молшылық. Бүгінгі бірлігіміз – баз біреулерге бұйыра бермейтін бақыт. Оны бағалау керек, байыбына жету шарт.

Аслан ДАВЫДОВ,  аудандық «Барбанг» күрді этномәдени орталығының төрағасы.

Мойынқұм ауданы.

Ұқсас жаңалықтар