Арулар, асыл жандар
Арулар – асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасынғандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Арулар – асыл жандар!
Арулар – асыл жарлар!
Арулар – әрбір үйдің шаңырағы,
Әрбір үйге от болып жағылады.
Әрбір үйде таң болып атты-дағы,
Әрбір үйге сәуле боп жамырады.
Жимайды-ау, бір шашылған шуақтарын,
Саясына келеді-ау, шуақтағың.
Жамандыққа қиярсың қалай ғана,
Жайнаған бір-бір үйдің шырақтарын.
Арулар – асыл жарлар, сағыныштар,
Өтініштер, құшақтар, жалыныштар...
Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды,
Жақсы көрсе балқытып, жанына ұстар.
Арулар – аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.
Мұқағали МАҚАТАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
«Мерейлі отбасы-2024» конкурсының талаптары белгілі болды
- 10 мамыр, 2024
Тарихи-танымдық жаңа портал іске қосылды
- 10 мамыр, 2024
Хабарландыру
«Мерейлі отбасы-2024» конкурсының талаптары белгілі болды
- 10 мамыр, 2024
Студенттермен рухани әңгіме
- 10 мамыр, 2024
Сөзге тоқтаған халықпыз
- 10 мамыр, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді