Әйел – елдің де, ердің де ажары

Әйел – елдің де, ердің де ажары
ашық дереккөз
Әйел – елдің де, ердің де ажары
«Отан – отбасынан басталады» дегенді жиі айтамыз. Бірақ, сол сөздің тереңіне көп адам үңіле бермейтін тәрізді. Егер шын ұғынса, ортақ үйіміз – Отан үшін, әрбір отбасы бақыты үшін әр адам барын салар ма еді. Сонда тұрмыстық зорлық-зомбылық та, ажырасулар да азаяр еді. Шаңырақтың беріктігі үшін аналардың жан-жақты дамып, сол арқылы балалардың бақытты болуына еңбектеніп жүргендердің бірі – Эльмира Мырза-Ғали. Бүгінде «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының директоры қызметін атқарып жүрген ол көпшілікке журналист, тіл жанашыры, қоғам белсендісі ретінде де таныс. Алғаш еңбек жолын 2001 жылы Б.Момышұлы атындағы гимназияда шешендік өнер бағытында шығыс поэзиясынан сабақ беріп, ұстаздықпен бастаған. Әдебиетке деген құштарлық, ана тіліне деген махаббат оны қоғамдық мәселелерге бейжай қарамауға жетеледі. Сол еңбегі еленіп, Тараз қалалық мәслихатының депутаты да болды. «Ана бақытты болса, бала бақытты. Әйел бақытты болу үшін жолдасының қолдауы, жылы сөз болса, жеткілікті. Ерінің қолдауын сезінген әйелдің қолынан келмейтін ештеңе жоқ», – деген кейіпкеріміз қазір қыз балалардың болашақта іске шебер, тілге шешен, сымбаттылықты ұст анып, бойына өнер, мәдениет, әдепті жиып өсуі үшін көптеген жобаларды жүзеге асырып отыр. – Дүниеден бейхабар кішкент ай баланың тұлға болып қалыптасуы үшін тап- таза санасына өнер, білім, ар- ұятты сіңдіре білсек, болашағы баянды болмақ. Ал, отбасының алтын діңгегі отанасы болғандықт ан, келешекте босаға аттап келін, дүниеге бала әкеліп ұрпақ өсіретін ана болар қыз баланы еркелете отырып, ізгілікке тәрбиелеу – өте маңызды. Қазір біздің «Анаға тағзым» орталығымызда қыз-келіншектер үшін тәрбиелік мәні зор клубтарымыз, аналарға арналған 9 курс, балаларға арналған 10 үйірме жұмыс істейді. Солардан білім алып, өз кәсібін бастап кеткендермен қатар, осындағы оқуын аяқтаса да орталықтан кеткісі келмей, осы жерді екінші мекеніне айналдырған аналарымыз да бар. Міне, осындай жұмыстарымыздың нәтижесінде Президент әкімшілігінен облысымызға келген хатта еліміздің санаулы облыстарындағы «Анаға тағзым» орталығының нәтижелі тәжірибе сін ре спубликаға тарату тапсырылған, ішінде көрсетілген үздіктердің бірі – біздің «Анаға тағзым» орталығы. Президент Қасым- Жомарт Тоқаев қолдаған, 2021 жылы Түркістан қаласында тұсау кесері жасалған «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» атты республикалық жоба аналардың мәдениетін көтеру арқылы балалардың тәрбиесін, әдептілігін арттыруды мақсат етеді. Осы жоба аясында біз көптеген түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастырып жүрміз. Мысалы, «Анаммен бірге кітап оқимын» байқауы арқылы ба ланы тек ақыл айтумен емес, іс-әрекетпен тәрбиелеуді, кітапқа деген құштарлығын оятуды көздедік. Бұл байқауды алдыңғы жылы, былтыр қазақ тілінде өткізген едік, енді Қазақстан Халқы Ассамблеясының аналар алқасы орыс тілінде де өткізуге қолқа салып, биылдан бастап қо с тілде ұйымдастыруды жо спарлап отырмыз. Осы байқаудың таныстырылымын Орал қаласында өткен аналар кеңесінде жасап едім, Абай және Батыс Қазақстан облыстары ережесін сұрап алып, өз облыстарында өткізгелі жатыр. Орталығымызда көптеген іс- шаралар ұйымдастырылады, соның ішінде «Анаға сәлем» атты балаларының анасына өлеңмен сәлем жолдайтын жобаны, кәсіби бағыттағы «Киелі кимешек, үкілі кәмшат» деген тігіншілер арасындағы байқауды атап айтқым келеді. Аталған байқаумен кәсібін енді бастаған ісмерлерге қолдау көрсетуді әрі ұлттық бас киімдердің қай түрін қандай жаста киілетінін түсіндіруді көздедік. Мысалы, тақия тренд болды екен деп қыз балалар киетін бас киімді үлкен жастағы әйелдердің кигенін де көрдік. Дана халқымыз әр жасқа лайықты киіне білген, ол да мәдениет әрі астарында мән бар. Орталығымызда қыз- келіншектерді түрлі өнерге баулып, тәрбие көзін ашатын курст армен қат ар, жанын жабырқатқан мәселесін шешуге көмекте с етін «Жан дауа» психологиялық орталығымыз да жұмыс істейді, – дейді Эльмира Иниятқызы. Жалпы, бұл орталықтың басшылығына келерден бұрын да Эльмира Мырза-Ғали Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің бас редакторы болып жүргенде бірнеше жемісті жобаларды жарыққа шығарып, жүзеге асырған болатын. Мысалы, «Кітап оқып, миллионер бол!» жобасын тек өз еліміз ғана емес, көршілес қырғыз ағайындар, ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары да қызығушылық танытып, сұрап, өз елдеріндегі басылымдарда жариялаған. Қазақ әдебиетінде кенжелеп қалған сатира жанрына серпіліс беру мақсатында «Қырық өтірік» жобасын да сәтті жүзеге асырды. Ал, «Тәуелсіздік дастарханы» жобасымен Тәуелсіздік мерекесінде ұлттық нақышта дастархан басында көптің басын қосып, ұлты үшін жанын құрбан еткендердің рухына Құран бағыштап, өткенді еске алып, келер күннің кемелдігі үшін келелі пікірлесуді жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырды. Өз шаңырағында төрт ұлды тәрбиелеп отырған ана өзінің басшылық қызметімен қоса «Amanat» партиясының сыбайлас жемқорлықпен күрес кеңесінің төрайымы, Тараз қаласындағы ата-аналар кеңесінің төрайымы, Іскер әйелдер қауымдастығының «Әйел және отбасы» секциясының мүшесі, кейін қауымдастық төрайымының идеология жөніндегі орынбасары секілді қоғамдық жұмыстарды да қатар алып жүрді. Қазір Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Жамбыл облыстық Аналар кеңесінің төрайымы міндетін атқарып келеді. – Журналист болған соң қоғамдағы кемшіліктерді тез байқап қояды екенсің. Кейінгі кездері көп кісілер кәсіп қылып, табыс табуға бет бұрып кетті де, материалдық табыспен қоса адамға рухани азық та керегін естен шығарып бара жатқаны байқалады. «Apple» компаниясының негізін қалаған өнертапқыш Стив Джобс «Бай адамның үйінде үлкен кітапханасы, кедейдің үйінде үлкен телевизор болады» депті. Жастармен кездесулерде де, өз балаларыма да «Сендер әлеуметтік желілерден видео өнімдерді көргенде мықты креативті ойлай алатын адамның ойынан туған дайын жемісін жейсіңдер. Яғни, шайнап бергенді жұтасыңдар. Ал, кітап оқысаң, білім көкжиегің ашылып, өз ойыңда сурет саласың, жаңа туындыны шығарасың. Миың бір жерде тұрмайды, жұмыс істеп тұрады. Үздік ойы бар адам бір жерде тоқтап қалмайды, жаңашылдығымен ізінен көпті ертеді», деймін. Осы оймен туған «Кітап оқып, миллионер бол!» жобасына қатысқан балалар қазір кездесіп қалғанда «Менің кіт ап оқуға деген махаббатымды ояттыңыз» деп, тіпті ата-аналары, мұғалімдері де рақмет айтып жат ады. Соған қарап, байқауды бекерге ұйымдастырмағанымызға, Мұқаш Ескендіров 3 миллион теңге қаражатын босқа жұмсамағанына қуанамын. Маған көп кісілер «Бәріне қа лай үлгере сіз?», – деп жатады. Үйдегі шаруаларға екінші анам, яғни қайын енем көмектессе, үлкен қолдауды жолдасым Дәуреннен табамын. Ол менің үйде тек отбасы – ошақ қасындағы тірлікпен отыра алмайтынымды, көпшілікпен араласып, іштегі ойымды үлкен орталарда ашық айтып, қолға алған ісімді соңына дейін жеткізгенше тынбайтынымды біледі. Мен қоғамның ортасында қарбаласа еңбек ету арқылы өзімді толыққанды сезінетінімді түсінеді. Әрбір нәтижелі жұмысым үшін лайықты бағасын айтып отырады. Тіпті, мен жолдасымның жақсы сөздерінен қуат алатын сияқтымын, сондықтан да шаршамаймын. Осы тұста айтайын дегенім, өткен жылдың 1 шілдесінен бастап мекемеміз отбасын қолдау орталығы болды, осы өзгеріске байланысты Астанада өткен оқытуда бізге жайсыз отбасыларға назар бұруымыз керегін айтты. Бірақ, еш жерге шағымданбай, жайсыз отбасы ретінде тіркелмей, сырты – бүтін, іші – түтін отбасылар да бар. Оған осы орталықта жұмыс істегелі бергі екі жылда көзім жетті. Көбіне ішінде аласапыран болып жатқанын білдірмейтін қазақтың әйелдерінің мықтылығымен шаңырақ шайқалмай тұрады. «Ұят болады» деген бір ауыз сөз олардың жанайқайын шығартпайды. Бірақ, қазір кейбір жаттілділер «Ұятмендер, «ұят боладыны» қояйықшы» деп «Ұят» деген қасиетті сөздің қадірін қашыруды қоғамның санасына сіңдіріп жатыр. Алайда, осы «Ұят» көп қауіптің алдын алып тұрғанын да ұмытпайық. Дегенмен, іштегі түтінд і ешқайда жарияламай-ақ, тиісті мамандарға барып шығарып, жан жарасын жазу керек. Әйтпегенде ол қайғыға апаруы әбден мүмкін. Сондықтан, біз тек жайсыз отбасыларға назар аударумен шектелмей, барлық отбасылармен жұмысты қамтуды қолға алып келеміз, – дейді көпбалалы ана, іскер басшы Эльмира Иниятқызы. Қалалық газеттің бас редакторлық қызметін атқара жүріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқандықтан да болар, ол 2007 жылы Тараз қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Себебі, журналист те, депутат та елдің мұң-мұқтажын тыңдап, мәселесін зерттеп, шешімін табу үшін еңбектенеді. Қыз баласы болса да депутаттық уәдесіне адал болғандықтан шығар, тараздық тұрғындар сайлауда Эльмира Мырзағалиды 4-ші, 5-ші, 6-шы шақырылымда да таңдаған. Ал, ол бастаған ісін аяқсыз қалдырмауды отбасынан алған тәрбиесінен деп біледі. Әжесінің «Уәде – Құдайдың сөзі, сертіңе берік бол!», – деген өсиеті өмірлік ұстанымы. Барлығы әркімнің өз шаңырағындағы тәлімнен басталатыны рас.  

Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

Ұқсас жаңалықтар