Жамбыл облысының автожолдарында қар құрсауында қалған 5000-ға жуық адам құтқарылды

Жамбыл облысының автожолдарында қар құрсауында қалған 5000-ға жуық адам құтқарылды
ашық дереккөз
Жамбыл облысының автожолдарында қар құрсауында қалған 5000-ға жуық адам құтқарылды
Құтқару шараларына жергілікті атқарушы органдар, Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция департаментінің күштері, Қорғаныс министрлігінің әскерилері мен жол қызметкерлері қатысты. Адам шығынына қатысты ақпарат тіркелген жоқ. Құрметті тұрғындар, сіздерден тек ресми ақпараттарға сенулеріңізді сұраймыз! Әлеуеметтік желілерде (белгілі парақшаларда) таралып жатқан Жамбыл облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде қаза тапқандардың тізімі туралы ақпарат ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ. ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабы бойынша көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жаза қарастырылғанын еске саламыз.

Ұқсас жаңалықтар