Мәдениет ошағы – тәрбие бесігі

Мәдениет ошағы – тәрбие бесігі
ашық дереккөз
Мәдениет ошағы – тәрбие бесігі
2021 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасымен Жамбыл ауданының Өрнек ауылында 140 орындық, Жуалы ауданының Нұрлыкент ауылында 180 орындық, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен Отар ауылында 180 орындық мәдениет үйлерінің пайдалануға берілгені – мемлекеттің қамқорлығы. Сондай-ақ, Қордай ауданы, Жамбыл ауылында 90 орындық ауылдық клуб та көпшілікке қуаныш сыйлады. Ал, 2022 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Шу ауданының Қонаев ауылында 180 орындық ауылдық мәдениет үйінің құрылысы аяқталған болатын. Биыл аталған жоба аясында Байзақ ауданының Тегістік ауылында – 90, Қордай ауданы, Қарасу ауылында – 90, Меркі ауданы, Мыңқазан ауылында – 90, Т.Рысқұлов ауданының, Көгершін ауылында 90 орындық ауылдық клубының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріліп отыр. Сонымен қатар, Ойтал ауылында 180 орындық ауылдық мәдениет үйі, Шу ауданы, Абай ауылында 100 орындық ауылдық мәдениет үйінің ашылуы да салаға серпін берері сөзсіз.  

Есет ДОСАЛЫ.

Ұқсас жаңалықтар