Барды ұқсата білген ұтады

Барды ұқсата білген ұтады
ашық дереккөз
Барды ұқсата білген ұтады
Әр кезеңнің жаңалығына қарай қоғамдық сұраныс та туатыны рас. Дәл бүгінгі нарық заманы қаржылық білімді аса қажет етеді. Себебі, кейінгі кездері ел ішінде тек банктерден ғана емес, өсімпұлға қарыз беретін шағын қаржылық ұйымдардан да несие алып, қарызға батқандардың қатары көбейді. Құнды қағазға сұраныс артқанын байқаған айлалы топтар қаржылық пирамида секілді амалын жасап ақша табу жолдарын қолданып, тағы да қарапайым халықты арбауды көбейтті. Осындайлардың кесірінен бүгінгі қоғамда бір басында бірнеше несиесі мен қарызы бар борышкерлердің қатары артып отыр. Сондай қат-қабат қарыздан құтылып, қолда бар ақшаны тиімді жұмсауды үйрететін қаржыгерлердің кеңесі дәл қазіргі уақытта өте қажеттінің бірі болып отыр. Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отырған қаржыны ұтымды пайдалану жолдары жөнінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі Айгүл Молдабековадан сұрадық. – Елімізде Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығын арттыру қажеттілігі Үкімет саясатында барынша талқыланып жатқаны, әрі мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болып отырғаны айтарлықтай көңілге жылылық ұялатады. «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 30 желтоқсан 2022 жылғы Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30 мамыр 2020 жылғы №338 қаулысының аясында студент жастар арасында олардың қаржылық тәуелсіздігін нығайту, төлем қабілеттілігін қалыптастыруға машықтандыру, қаржылық алаяқтықтан қорғану мақсатында қаржылық сауаттылығын арттыру қажеттілігі туындап отырғанын ескеруіміз қажет. Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығы – ел экономикасының дамуындағы макроэкономикалық тенденция екендігі айтпаса да түсінікті. Сол үшін де қаржылық сауаттылықты арттыру барысында мемлекет т арапынан көптеген бағдарламалар мен бағыттар бойынша жұмыстар жоспарланып та, атқарылып та келеді. Атап айтқанда, оған мына төмендегі стратегиялық және бағдарламалық бағыттағы құжаттарды тілге тиек етуге болады. Әуелі «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауын айтпай өтуге болмас. Екіншіден, «Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №33830 Жарлығы. (2013 жылғы №577). Үшінші, Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламалары. (2007 жылғы 27 маусымдағы №536). Бағдарламаның негізгі бағытының ішіндегі «Халықтың қаржылық сауаттылығының өзекті мәселелерін зерттеу, ел экономикасын одан әрі дамыту үшін кадрлар даярлау» мәселесіне көңіл бөлінгені қуантады. Себебі, біздің жұмыс жасап отырған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің өзі тек осы бағдарламада қарастырылған заман талабының сұранысына сай, білікті мамандар даярлаумен айналысады. Жасыратыны жоқ, осы жоғары оқу орнын тәмамдаған талай білікті мамандар қазіргі таңда шаруашылық, өндіріс, құрылыс саласындағы нағыз майталман мамандар екенін іспен көрсетіп жүр. Ал, ұстаздардың жетістіктерін айтып тауыса алмаспыз. Байқағанымыздай, осы салалардағы барлық мамандардың атқарып жатқан қызметтерін жеңілдету, әрі қарапайым халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында қолға алынып жатқан, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырған бағдарламалардың мән- мақсатын елге түсіндіру барысында атқарылатын жұмыстар жүзеге асырылуда. Қаржылық сауаттылықты арттырудың басты мақсаты – халықтың қаражатты қолданудағы ғылыми-тәжірибелік негіздемесін әзірлеу, проблемаларды талдау және халықтың экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін білім деңгейін арттыруға мүмкіндік беру болып тұр. Халық арасында қаржылық сауатсыздыққа байланысты арандатушылыққа түскен көптеген азаматтар бар, оның ішінде жастар көптеп табылады. Жастар арасындағы суицид және агрессивті мінез-құлық мәселесі қазіргі заманның өзекті мәселелерінің біріне айналуда. Сондықтан да суицидтің алдын алу бойынша кез келген жұмыстың маңыздылығы артып келеді және оған біздің университетте барынша назар аударылып отыр, – дейді экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Айгүл Шаипқызы. Оқу орнының оқытушылары «жастар арасында жиі кездесетін суицидке де себеп болатын қаражаттың жетіспеушілігі немесе алаяқтарға арбалып, қаржылық пирамиданың кесірінен қарызға белшесінен бату» деген пікірде. Сондықтан, олар өз шәкірттеріне қаржылық сауаттылық турасында дәріс өткізіп, сақ болуға шақыруды назардан тыс қалдырмайды. – Қаржылық пирамидалар жастарды суицидке жеткізетін бірден- бір себепкер. Еліміздің Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша бүгінгі күні еліміздің 31 мың азаматы қаржылық пирамидалардың құрбаны болған. Қаржылық пирамидаларға және сол секілді басқа да қаржылық ойындарға кіру өте оңай әрі қолжетімді. Тіпті, қолындағы гаджетімен интернет желісі арқылы тіркеле алады.
Қаржылық сауаттылық жастарға ақшаға деген көзқарасын өзгертуге, оларды басқаруға көмектеседі, болашақ туралы ойлауға, өмірлік циклінің қажеттіліктерін жоспарлауға мәжбүрлейді. Жастарға қаржылық білім берудің мақсаты – оған мұқтаж әрбір тұтынушыға түсінікті сапалы ақпаратты дәл уақытында жеткізу. Бұл мәселені шешуде «Қаржылық сауаттылық деңгейі» ұғымын өте дәл түсіну және біржақты түсіндіру өте маңызды, өйткені бұл қаржылық білім берудің ұлттық жүйесін, пән мен оқыту әдістерінің мазмұнын модельдеуге мүмкіндік береді. 
Университетіміздің студенттеріне жүргізілген сауалнаманың қорытындыларына жүгінетін болсақ, «Бос уақытыңызды қайда (ойын, компьютерлік клубтарда, кафе, мейрамханаларда, букмекер контораларында) өткізесіз?» деген сұрақ бойынша 393 (21,7%) студент «Иә, кейде көңіл көтеру үшін барамын» деп белгілеген. Ал, «Жиі өткіземін» деп 43 (2,4%) студент жауап берген. «Қосымша табыс табу мақсатында бос уақытта жұмыс істеуді жөн көресіз бе?» деген сұраққа байланысты 1067 (58,9%) студент «Өзіме ұнайтын жұмысты жасаймын, табыс табамын» деп белгілеген. Ал, «Қаражат керек кезде ғана жұмыс жасаймын» деп 366 (20,2%) студент жауап берген. Аталған мәселеге байланысты болатын «Психоактив заттарды қолданып көруге ойыңыз болды ма?» деген сұраққа байланысты 21 (1,2%) студент «Байқап көруге болады» деген жауапты таңдаған. «Интернет және әлеуметтік желіде (Instagram, Whats App, Telegram) қанша уақыт отырасыз?» деген сұраққа байланысты 543 (30%) студент «Бос уақытымның барлығында отырамын» деген жауапты белгілесе, 98 (5,4%) студент «Әрдайым отырамын» деген жауапты таңдаған. «Компьютер және гаджеттер арқылы ойындар ойнауды ұнатасыз ба және қанша уақытыңызды жұмсайсыз?» деген сұраққа байланысты 40 (2,2%) студент «Ұзақ ойнаймын, өте жақсы көремін» деген жауапты таңдаған. Сұраққа жауап беру аясында студенттердің ойын ойнауға тәуелділік көрсеткішін көруге болады. Жоғарыда келтірілген нәтиже көрсеткіштерінен студенттердің смартфон, гаджет, компьютерге тәуелділіктері байқалып тұр. Демек, қаржылық пирамида, құмар ойындар, желілік маркетингтерге олар жиі араласып отырулары әбден мүмкін. Студенттердің берген жауаптары өзінің қауіптілігімен алаңдатып, мәселені шешуге бағытталған оқу- тәрбиелік үрдісінде тиісті және тиімді шараларды енгізуді талап етуде. Қаржылық сауаттылық жастарға ақшаға деген көзқарасын өзгертуге, оларды басқаруға көмекте седі, болашақ туралы ойлауға, өмірлік циклінің қажеттіліктерін жоспарлауға мәжбүрлейді. Жастарға қаржылық білім берудің мақсаты – оған мұқтаж әрбір тұтынушыға түсінікті сапалы ақпаратты дәл уақытында жеткізу. Бұл мәселені шешуде «Қаржылық сауаттылық деңгейі» ұғымын өте дәл түсіну және біржақты түсіндіру өте маңызды, өйткені бұл қаржылық білім берудің ұлттық жүйесін, пән мен оқыту әдістерінің мазмұнын модельдеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, суицидтің алдын алуды, студенттердің қаржылық пирамидаларға алданбауын басты назарға ала отырып, сондай-ақ, қоғамда студенттерімізге әртүрлі келеңсіз жағдайлардан тиімді шығу дағдыларын меңгерту мақсатында университетіміздің барлық білім беру бағдарламаларының аясында 1-курс студенттеріне «Қаржылық сауаттылық» пән ретінде енгізілуін қарастыру керек. Үкіметтің «Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру мақсатында «Қаржылық сауаттылық» пәні тек 6В04117 – «Қаржы» мамандығының 1-курс студенттерінің білім беру бағдарламасында қарастырылып оқытылуда. Жалпы, барлық мамандықтың студенттеріне оқытылып, қаржы сауаттылығын арттырса дұрыс болар еді, – дейді доцент Айгүл Молдабекова.
Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығы – ел экономикасының дамуындағы макроэкономикалық тенденция екендігі айтпаса да түсінікті. Сол үшін де қаржылық сауаттылықты арттыру барысында мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар мен бағыттар бойынша жұмыстар жоспарланып та, атқарылып та келеді. Атап айтқанда, оған мына төмендегі стратегиялық және бағдарламалық бағыттағы құжаттарды тілге тиек етуге болады. Әуелі «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауын айтпай өтуге болмас. Екіншіден, «Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020- 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 30 мамырдағы 33830 Жарлығы. (2013 жылғы 577). Үшінші, Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламалары.
Біз сөз етіп отырған мәселені ғылыми тұрғыда зерттеп, жүйесін тауып жүрген мамандар «Барлық адамға да қаражатты қолданғанда білім керек» дейді. Қаржылық сауаттылықты арттыру үшін атқаратын міндеттерді ұстаз былайша тізіп атап берді. – Алдымен айтарымыз – халықтың қаржылық сауаттылығын басқару, бағалау және талдаудың ғылыми- әдістемелік негіздерін әзірлеуіміз керек. Содан соң ақпараттық- аналитикалық мәліметтер базасын құрған жөн. Нақты есептеулер арқылы халықтың қаржылық сауаттылығы деректерін басқарудың, бағалаудың және талдаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін (тәсілдерін, принциптерін, әдістерін) әзірлеу маңызды. Мәселелер мен оларды шешу жолдарын анықтау үшін мәліметтерді бағалау және салыстыру үшін өңірлердің қаржылық сауаттылығының негізгі параметрлерін анықтасақ, ұтылмаймыз. Халықтың қаржылық сауаттылығының өлшемдерін, көрсеткіштерін, бағалауларын да назарға алған дұрыс. Сонымен қатар, жеке аймақтардағы ақша жүйе сінің жағдайына далалық зерттеулер жүргізу керек. Ақша жүйелеріндегі үрдістердің дамуына мониторингтік бақылаулар жүргізу және өзгерістерді қадағалау үшін ақпараттық-аналитикалық мәліметтер базасын әзірлеу мен құру да маңызды. Сонымен қатар, қашықтықтан талдау деректері негізінде процестерді әзірлеу бойынша түгендеу және бағалау жұмыстарын жүргізу, ақша- несие жүйесіне далалық зерттеулер, Қазақстанның негізгі аймақтарында қаржылық сауаттылық үдерістерінің дамуы бойынша мониторингтік бақылаулар өткізу керек. Халықтың экономикалық білімін дамытуға бағытталған ақша ағындарын тұрақты басқару жүйесін әзірлеу, салық деректерін пайдалану бойынша ақша қозғалысына шолу жүргізу, халықты қаржылық сауаттылыққа үйрету бойынша мәліметтер базасын әзірлеу және құру қажет. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша дәлелді талаптар, ұсыныстар мен шаралар кешенін әзірлеген жөн. Өңірлердің қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша әзірленген ұсыныстар мен шаралардың тиімділігін бағалап отыру істі ілгерілетеді. Халықтың қаржылық сауаттылығын тұрақты басқару үшін Web-қосымшаны әзірлеу және құру жұмысты жақсартады. Ары қарай жұмыстарды жақсарту үшін жүргізіліп жатқан істерге онлайн сауалнама жүргізудің атқарар рөлі орасан. Түпкілікті нәтижеге қол жеткізу барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушы-профессорлық құрамы, оның ішінде «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары, осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде оқу-әдістемелік құрал әзірлеуге, жекелеген өңірлердің қаржылық сауаттылығын анықтауға және оқытуға арналған веб-қо сымша құруға; халықтың ақша ағымын ұлғайту және реттеу бойынша талаптар, шаралар, ұсынымдарына дайын екендігін мақтанышпен айта аламыз. Осы бағдарламалар барысында жоғарыда айтылған бағдарлама бағытында аянбай жұмыс атқарып жатқанын, студенттерді Отанға деген патриоттық рухта білім бере отырып, қаржылық сауаттылығын жоғары деңгейде қалыптастыруға атсалысып келеді, – дейді экономика ғылымдарының кандидаты Айгүл Шаипқызы. Қолдағы бар қаражатты тиімді жұмсап, орынды ұқсата білуде керекті әдістерді ұсынған маман сөзінің жаны бар. Еңбектеніп табыс табу бір бөлек. Оны ұқсата білу табудан да маңызды. Күн-түн демей еңбектене жүріп, айлығын шайлығына жеткізе алмай, қиналғанда мың түрлі айламен арбайтын а лаяқт арға а лданып қалатындардың қатары да аз емес. Әсіресе, оңай олжа табуға шақырып, қолда барын қағып алатындар қаншама. Міне, осындай мың түрлі айласын асыратындарға алданып қалмау үшін де адамға қаржылық сауаттылық керек. Қалтасындағы азын-аулақ ақшасын алдымен аса қажеттілеріне жұмсап, ұқсата білген ұтады. Барға береке беру деген де – осы.  

Қамар ҚАРАСАЕВА.

 

Ұқсас жаңалықтар