«Мендік әлем – сұлу өнер сәніндей!» атты шығармашылық өнер кеші өтті

«Мендік әлем – сұлу өнер сәніндей!» атты шығармашылық өнер кеші өтті
ашық дереккөз
«Мендік әлем – сұлу өнер сәніндей!» атты шығармашылық өнер кеші өтті
2023 жылдың 23 қыркүйек күні театрымыздың белді актрисасы, Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі Майра Әлімбетованың 70 жас мерейтойына және актрисалық өнер жолының 50 жылдығына арналған «Мендік әлем – сұлу өнер сәніндей!» атты шығармашылық өнер кеші өтті. Майра Жалмұханбетқызы кәсіби тұрғыда мейлінше толысып, шыңдалған, өзі сомдаған рольдерді аса сәтті де нанымды шығарып, театртанушылар мен көрермендер тарапынан лайықты бағасын алып, талай биіктерден көрінген дарынды актриса. Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында жарты ғасырдан астам уақыт бойы актрисалық қызметін үзіліссіз атқарып, осы жылдар ішінде театр репертуарындағы көптеген спектакльдерде 50-ден аса басты рольдерді сомдап, актерлік шеберлігі толысып, жетілген білікті сахна майталманы. Ол әр жылдары театр репертуарындағы: М.Әуезовтің «Қаракөзінде» - Қаракөз, «Қара қыпшақ Қобыландысында» - Қарлыға, «Еңлік-Кебегінде» - Еңлік, У.Шекспирдің «Гамлетінде» - Гертруда, «Ричард-ІІІ-інде» - Елизавета, Д.Исабековтің «Әпкесінде» - Гауһар, Еврепидтің «Медеясында» - Сүтана, Б.Жакиевтің «Әке тағдырында» - Зуһра, Б. Әбілдаевтің «Айша бибісінде» - Бабаәже, Е.Әлімжановтың «Жанталасында» - Сәнім, Ш. Мұртазаның «Жалғыз үйлік зіл-заласында» - Сандуғаш, А.Чеховтың «Ивановта» - Сашенька, В. Шекспирдің «Дуалы түнгі думанда» - Гермия, С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде» - Гүлбаршын, Иран-Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» - Әйгерім, И. Сапарбайдың «Ауылдан келген аруында» - Гүлдана, С. Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» - Башорот, М.Гаринойдың «Ренальдо шықтыда» - Агата және т.б. көптеген рольдерді ойнады. Майра Әлімбетова соңғы жылдары С.Сматаев пен Т.Теменовтің «Көгілдір таксиінде» - Мариям, И.Содиковтың «Әпендінің бес қатынында» - Фатима, Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарында» - Ана, Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегінде» - Алима, С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркегінде» - Розабану, Б.Бекжановтың «Айша бибісінде» - Гүлханның тәлімгері-Шербет, Б.Жакиевтің «Жүрейікші, жүрек ауыртпай!» трагикомедиясында- Сыпайы кемпір және тағы басқа бірқатар шығармаларда негізгі рольдерді сомдап келеді. Әлімбетова Майра - қазақ қызына тән биязылығымен, табиғи сұлулығымен, актерлік шеберлігімен, айшықты да әдемі сахналық қимыл-қозғалысымен ерекшелене білген талантты да еңбекқор актриса. Театр ұжымы Сізді 70 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, деніңізге саулық, шаңырағыңызға береке-бірлік, сарқылмас шығармашылық шабыт тілейді!

Жамбыл облысы әкімдігінің мəдениет басқармасы

Ұқсас жаңалықтар