Мемлекеттік қызметшілердің спартакиадасы басталды

Мемлекеттік қызметшілердің спартакиадасы басталды
ашық дереккөз
Мемлекеттік қызметшілердің спартакиадасы басталды
Осыдан 10 жыл бұрын біздің елде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді. Биыл айтулы датаға орай облыстық спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, онда мемлекеттік қызметшілер спорттың 11 түрінен бақ сынауда. Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сайыс қатысушыларына сәттілік тіледі. – Мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мереке – мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймын. Бүгінгі күнге дейін егемен елімізде мемлекеттік қызмет жүйесін дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолында мол тәжірибе жиналды. Өз ісін жетік меңгерген әрі мамандығына адал мемлекеттік қызметшілер барда алға қойған мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін, – деді Еркін Құлымбайұлы. Айта кетейік, биыл спартакиадаға 700-ге жуық мемлекеттік қызметшіден құралған 27 команда қатысуда.  

Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ

Ұқсас жаңалықтар