Дулати университетінің жас журналистері олимпиадада үшінші орынға ие болды

Дулати университетінің жас журналистері олимпиадада үшінші орынға ие болды
ашық дереккөз
Дулати университетінің жас журналистері олимпиадада үшінші орынға ие болды
Жуырда Сүлеймен Демирел атындағы университеттің ұйымдастыруымен «Журналистика және ақпарат» бағыты бойынша ХV республикалық пәндік олимпиада өтіп, оған 17 жоғары оқу орнынан командалар қатысты. Тартысты өткен білім бәйгесінде Дулати университетінің "Филология және журналистика" кафедрасының аға оқытушысы Зәуреш Қойгелдиеваның жетекшілігімен журналистика ББ студенттері Асан Нұрдәулет, Орынбасар Диана, Серпен Серікболсын бақ сынаған болатын. Пән олимпиадасының қорытындысы бойынша І орынды Қазақ-Америка университеті командасы иеленсе, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командалары ІІ орын жүлдегерлері атанды. Ал ІІІ орынды М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай университеті, Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ командалары бөлісті. Сонымен қатар, СДУ ұжымы олимпиадаға қатысушылардың арасында әлеуметтік желіде байқау жариялап, нәтижесінде Дулати университетінің студенті Асан Нұрдәулет "Үздік Stories" номинациясымен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар