Айсұлу Жүнісбекте – үшінші жүлде

Айсұлу Жүнісбекте – үшінші жүлде
ашық дереккөз
Айсұлу Жүнісбекте – үшінші жүлде
Түркістан қаласында Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі, қалалық оқушылар сарайы, қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығы бірлесіп «Жас тұлпарлар жырлайды» атты республикалық оқушылар айтысын өткізді. Аталған айтысқа Талас ауданы, Б.Тоқтықожаұлы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Айсұлу Жүнісбек қатысып, үшінші жүлдемен оралды. Бұл ретте айтыстағы ұстазы Есет Жаңабайұлы мен аталған мектеп мұғалімі Назым Тойманбетованың еңбегі бар. Айсұлу бұл айтыста алғашқы қарсыласын айқын ұтып, шешуші сәтте Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының ақыны Дінмұхамед Төленбекпен лайықты, қызықты айтыс жасады. Енді Айсұлу Жүнісбек республикалық «Ақберен» байқауының аясында өтетін айтысқа дайындалуда.  

Есет ДОСАЛЫ

 

Ұқсас жаңалықтар