Көтерме-тарату орталықтары жобаларымен танысты

Көтерме-тарату орталықтары жобаларымен танысты
ашық дереккөз
Көтерме-тарату орталықтары жобаларымен танысты

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңірдегі көтерме-тарату орталықтарының жобаларымен танысу мақсатында белгіленген аумақтарға арнайы барды. Өңір басшысы алдымен Байзақ ауданындағы Үшбұлақ бекеті маңындағы «База-Servis» ЖШС-на атбасын бұрды. Серіктестіктің бас директоры Сейдахмет Қалтаев көкөніс және жеміс-жидек сақтау қоймасының жұмысы туралы айтты. Сыйымдылығы 10 мың тонна болатын қойма 2016 жылы іске қосылған. Жоба құны – 1 миллиард теңге. Нысан Қытай, Белоруссия елдерінен жеткізілген жоғары технологиялармен жабдықталған 16 қоймадан тұрады. şirinevler escort

beylikdüzü escort şirinevler escort şirinevler escort beylikdüzü escort esenyurt escort Асқар Исабекұлы аталмыш қойма маңынан жоспарланған көтерме-тарату орталығын салу жұмыстарын тездету керектігін, оны қараша айына дейін аяқтауды тапсырды. Бұдан соң аймақ басшысы «Ауыл-Береке» базарының аумағындағы дәл сондай орталықтың жобасымен танысты. Мұнда құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Әр кезеңде сыйымдылығы төрт мың тоннадан асатын сақтау қоймалары және сауда алаңы мен темір жол тұйығы салынатын болады. Олардың жалпы көлемі 2 мың шаршы метрден асады. Бүгінде құрылысы жүріп жатқан орталықтың бірінші кезеңі ағымдағы жылы аяқталуы тиіс болса, қалған кезеңдері келер жылға тиесілі. Өңір басшысы алғашқы кезең бойынша көкөніс сақтау қоймасының құрылыс жұмыстарын үш ай ішінде аяқтауды тапсырды. Айта кетейік, бұл көтерме-тарату орталықтарын салудағы негізгі мақсат – қайта сатып алушыларды қысқарту мен тамақ өнімдерін сақтау, өткізу және тасымалдау бойынша өндірушілерге қызметтер көрсету. Мамандар мұндай орталықтардың құрылуы өркениетті сауда үшін қосымша жағдайлар жасайтынын, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмендету үшін нарықтағы бәсекелестікті арттыратынын айтады. Демек, бұл қоймалар алдағы уақытта өңірдегі әлеуметтік тауарлардың бағасын тұрақтандыру мен төмендетуге мүмкіндік бермек. Сондай-ақ облыс әкімі аталған аумақтағы Жастар сауықтыру орталығы жобасы орналасатын аумақпен танысып, жоспарлы жұмыстардың жай-жапсарына қанықты. «Ауыл-Береке» базарында болған Асқар Исабекұлы жеміс пен көкөністің сатылым барысы мен бағаларына да назар аударды.  

Ұқсас жаңалықтар