Халықтың табысы 6,3 пайызға өскен

Халықтың  табысы  6,3 пайызға өскен
ашық дереккөз
Халықтың табысы 6,3 пайызға өскен
Марат ҚҰЛИБАЕВ Кезекті баспасөз мәслихатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек осы жылдың алғашқы бес айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы баяндап берді. Оның айтуынша, ауданда 5 айда өнеркәсіп орындары 9 571,5 миллион теңгенің өнімін өндіріп, өсім 102 пайызды құраған. Ал ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 1 миллиард 906,5 миллион теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 102,5 пайызға жоғарылапты. Негізгі қорға салынған инвестицияның жалпы сомасы 6 701,8 миллион теңгеге жетіп отыр. Бөлшек сауда айналымы 594,2 миллион теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,1 пайызға артқан. Баяндамашы аудандағы құрылыс жұмыстары, егін және мал шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, салық түсімдері, аудандық және ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы айтып, басқа салаларда атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде биліктің назарын маңызды он бағытқа баса мән беруге бағыттап отыр. Соның бірі – жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту. Облыс орталығынан шалғай жатқан Сарысу ауданында бұл мәселе орнымен шешімін тауып келеді. Бүгінде ауданда орташа айлық жалақы 113,1 мың теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,3 пайызға өсіп отыр. Ал жұмыспен қамту бойынша есепті мерзімде халықты жұмыспен қамту орталығына 1 125 адам қайырылған. Қазіргі таңда қоғамдық жұмыс орындарына 331 адам жолданды. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 103 жас маман мемлекеттік мекемелерде тәжірибеден өтуде. «Әлеуметтік жұмыс орындарын» ұйымдастыру бағытында 132 жұмыссыз уақытша жұмысқа орналасты. 355 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, – деді аудан басшысы. Ол жиын соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жан-жақты жауап қайтарды.

Ұқсас жаңалықтар