![Айдын – Азия чемпионы](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2014/08/45.jpg)
Осы ауданда туып-өскен, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке қарап бой түзей ме, әйтеуір Байзақ жастарының спортқа деген ынта-ықыласы өзгеше. Ат құлағында ойнайтын жас жеткіншектер де өсіп келеді, боксшылар мен балуандар мектептерінен талай талантты балғындар түлеп ұшуда. Әсіресе, ауданның армрестлингшілері алдына жан салмайды. Қол күресінен қарсыластарын жарыс жолынан тайдырып, жетістікке жетіп жүргендердің бірі – Ботамойнақ ауылдық округінің тұрғыны Лаура Кәрімбаева. Ілияс Жансақалов жаттықтыратын Лаура жуырда Жапонияда өткен он үшінші Азия ойындарынан олжалы оралған болатын. Нақтырақ айтсақ, Азия аламынында алтын медаль жеңіп алды. Байзақтан шыққан Азия чемпионын аудан әкімі Мұратхан Шүкеев арнайы қабылдап, сый-сияпат көрсетті. Қазір жерлесіміз енді Литва мемлекетінде өтетін әлем біріншілігіне қызу дайындық үстінде. Иә, байзақтық бұрымдылар білек күші сыналар жарыста ешкімге дес бермеуде. Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын осы ауданның түлегі Айдын Үсіпбаева дүниежүзілік додада топ жарған болатын. Айдын – ең алғаш қол күресінен әлем чемпионы атанған қазақ қызы.
Ардақ ҮСЕЙІНОВА,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Испандықтардың жұлдызы жанған күн
- 16 шілде, 2024
Өзі де, ұлдары да алтыннан алқа таққан
- 16 шілде, 2024
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді