
Облыстағы спорт мамандары жасөспірімдердің ІІ жазғы Ауыл спорты ойындарында жамбылдық жеткіншектер үздік үштіктің қатарына енеді деген болжам айтқан. Сол сөз расқа айналды. Тоғыз спорт түрі бойынша бақ сынаған өңір жастары жалпыкомандалық есепте екінші сатыға көтерілді. Бірақ, олжа салғандар футболшылар мен волейболшылар емес үстел теннисі және қазақ күресі, еркін күресінде бәсекеге түскендер болды. Жерлестеріміз асық атудан алдарына жан салмай, топ бастады. Еркін күрес шеберлері де алда тұр. Қазақ күресі және үстел теннисінен облыс спортшылары екінші орыннан көрінген жамбылдық жеткіншектер Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасына небәрі 5 ұпаймен жол берді. Өрендеріміздің қоржынында 195 ұпай бар. Жалпы, Тараз төрін дүбірге толтырған дода жамбылдықтар үшін табысты болды. Келген спортшылар да, меймандар да әулиеаталықтардың қонақжайлылығына дән риза. Олар жарыстың ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді.
Ардақ ҮСЕЙІНОВА,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азияда теңдесі жоқ ауқымды спорт нысаны іске қосылды
- 16 қыркүйек, 2025
Төрткүл дүние – әлем чемпионатында
- 11 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді