Данияр Елеусінов жеңісінен кейін сын айтқандарға жауап берді

Данияр Елеусінов жеңісінен кейін сын айтқандарға жауап берді
ашық дереккөз
Данияр Елеусінов жеңісінен кейін сын айтқандарға жауап берді
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы кезекті жеңісінен кейін жанкүйерлері мен сын айтқандарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. Кеше түнде Монте-Карлода (Монако) өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы никарагуалық Маркос Мохиканы жеңді, кездесу үшінші раундта аяқталды.
"Барлықтарыңызға Раxмет! Қолдауларыңыз үшін! Сындарыңыз үшін раxмет. Мені ол тек әрі қарай күшейте түседі!!!", - деп жазды Елеусінов Instagram парақшасында. Еске сала кетейік, 27 жастағы Елеусінов үшін бұл бесінші жеңіс (үшеуі нокаутпен), ол кәсіпқой бокста бес кездесу өткізді.
t tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар