ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығы және академияның облыстық филиалының ұйымдастыруымен мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинары өтті. Бес күнге созылған шара барысында аудандардан келген жүзге жуық мемлекеттік қызметші алдында академияның Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығының басшысы Жанар Тайжанова дәріс оқыды. Семинар интерактивті түрде топтық жаттығулар жүргізу, интерактивті пікір алмасу, тренингтер, шағын топпен жұмыс жасау түрінде, тиімді әдістерді қолдану арқылы өткізілді. Шараға байланысты академия филиалының директоры Сабыр Түменбаев былай деді: «Мұндай маңызды семинар біздің облыста бірінші мәрте өткізіліп отыр. Бес күн оқыған мемлекеттік қызметшілерге «Жоба жетекшісі» деген арнайы сертификат беріледі. Ол құжат мемлекеттік жұмысты дамытуда оң әсерін тигізеді. Ең бастысы, мемлекеттік қызметшілер көңілге көп жайды түйіп, біліктіліктерін дамыта түсті». Семинар сабақтарының тиімді, тағылымды болғанын Талас ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров та айтып өтті. Басқосу соңында барлық қатысушы мемлекеттік қызметкерлерге арнайы сертификаттар табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл 5574 жер телімін дайындау жоспарланған
- Бүгін, 02:24
Әдептілік әрбір отбасыдан бастау алуы керек
- Бүгін, 01:43
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді