Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2025 жылы латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне көшетінімізді мәлімдегені белгілі. Бүгінгі таңда бұл бағытта қыруар шаруалар атқарылуда. Әліпбидің соңғы нұсқасы да бекітіліп, БАҚ беттерінде кеңінен насихатталуда. Біздің «Аq jol» газеті де әр нөмірінде бір ақпаратты латын графикасына негізделген әліпбимен жариялауды дәстүрге айналдырған. Мұндай шаралар нәтижесіз емес, күні кеше редакциямызға Шу ауданындағы оқырманымыздан латын графикасына негізделген әліпбимен хабар келіп түсті. Соны қаз-қалпында көпшілік назарына ұсынғанды жөн көрдік. және латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне деген қолдау мен құлшыныс деп қабылдап, қуанып отырмыз.
Shý aýdanyndaǵy Balýan Sholaq aýylynda Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» maqalasynyń aıasynda osy aýyldyń týmasy, bіregeı azamat, kásіpker Matyshev Nurhan eńsesі bıіk, ekі qabattan turatyn «Qolaldar» meshіtіn salýǵa kіrіsіp ketkenіne kóp ýaqyt ótken joq. «Táýekel et te tas jut, turyp qalmas tamaqqa» degendeı, Nurjannyń júreksіne bastaǵan іsі bіtýge taıaý, jaqynda ashylý saltanaty ótpekshі. Halyq sheksіz rıza. «Atymtaı jomart» degen sóz osyndaı azamatqa aıtylatyn shyǵar. Osyndaı elі úshіn qarjysyn aıamaı tókken erden qalaı aınalmaısyń! «Erіm deıtіn el bolmasa, elіm deıtіn ul qaıdan bolsyn» degendeı elі Nurhanǵa da qoshametіn aıamaq emes. Nur jaýsyn saǵan, Nurhan! Týǵan elіńdі qýanyshqa bóledіń, taý kótergen Tolaǵaı sendeı-aq bolar.
Shý aýdanyndaǵy Balýan Sholaq aýylynyń turǵyny, zeınetker Zaýyrbekova Zeınekúl.
Ұқсас жаңалықтар
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Бар ғұмырын білімге арнаған
- 7 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді