Жаңалықтар
Серік Қонақбаев АИБА президентігіне ресми түрде үміткер атанды
- author «Ақ жол»
- 31 қазан, 2018
- 350

Серік Қонақбаев АИБА президентігіне ресми түрде үміткер атанды

Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлім етті.
Өз кезегінде С.Қонақбаев: «CAS пен бұл іске қатысушыларға менің шағымым бойынша әділ шешім шығарғаны үшін алғыс айтамын. Біз келтірген дәлелдерді CAS-тің оң қабылдағанына ризамын. Мен үшін АИБА президенттігіне үміткер атану үлкен құрмет. Енді басшылықты міндетті түрде қолға алып, біздің ұйымымыз бен спортымызды ұлттық федерациялармен бірлесе отырып қайта жандандыратын мүмкіндігіміз бар», - деді.
«Маған президенттікке үміткер атануға мүмкіндік берді. Әрі қарай Президиумды ұтып алу үшін бар күшімді саламын. Мұны өзім үшін емес, біздің боксшылардың құқығын, олардың Олимпиададағы арманы мен үмітін қорғау үшін істегім келеді. Бұл міндетке үлкен жауапкершілікпен қарай отырып, 3 қараша күні Мәскеуде өтетін сайлауды асыға күтемін. АИБА-ның жарқын болашағы үшін қауымдастықтың барлық мүшелерінен менің кандидатурамды қолдауды өтінемін», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін спорттық арбитраждық сот Серік Қонақбаевты қолдағаны туралы жазған болатынбыз.
Ұқсас жаңалықтар
Сенат төрағасы жамбылдық белсенді жастармен жүздесті
- 3 шілде, 2025
«Бұл күнді ұзақ күттік»
- 3 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді