Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты – Ж. Бекшин

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты – Ж. Бекшин
ашық дереккөз
Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты – Ж. Бекшин
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дәстүрлі брифинг барысында Тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары – Мемлекеттің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осылай мәлімдеді. Ол елдегі санитариялық-эпидемиялық ахуал мәселелері, оның ішінде елімізде тұрақты эпидемиологиялық ахуалды қамтамасыз ету бойынша агенттіктің қабылдаған профилактикалық шаралары туралы айта келе, осы күндері қауіпті инфекциялық аурулардың дабыл қағатындай жағдайда емес екендігін ескертті. - Қазіргі кезде республика бойынша жағдай мұқият бақылауда. Маусымдық профилактикалық шаралар да уақытылы жүргізілуде. Соның нәтижесінде ауру ошақтарынан шығуы мүмкін деген дерттердің де алаңдатарлықтай қауіп төндіріп жатқаны жоқ. Инфекциялық сырқаттардың көрініс беруі жылдағы көрсеткішке сәйкес тұрақты жағдайда, - деді ол. Десек те, оның келтірген кейбір деректеріне сүйенсек, соңғы айларда энтеровирустық инфекциялармен сырқаттанушылардың саны арта бастаған көрінеді. - Өткен жылы аталған сырқат бойынша шағым айтып республика бойынша 900 адам жүгініп, оның 264-інде диагноз зертханалық расталған болса, олар Атырау, Қостанай және Қызылорда облыстарынан басқа барлық өңірлерде тіркелген еді. Ал ағымдағы жылы осы дертпен дәрігерлерге 552 адам жүгініп, оның 154-інің диагнозы зертханалық тексеру нәтижесінде расталған. Бұлар еліміздің 8 өңірінде (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Алматы мен Астана қалаларында) тіркелген, - деді бас санитар. Ақпарат көзі: www.baq.kz

Ұқсас жаңалықтар