Жаһан
Мемлекет басшысы Винченцо Нибалиді «Тур де Франс» жарысындағы жеңісімен құттықтады
- author «Ақ жол»
- 28 шілде, 2014
- 498

Мемлекет басшысы Винченцо Нибалиді «Тур де Франс» жарысындағы жеңісімен құттықтады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тур де Франс» көпкүндік жарысындағы жеңіске орай «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибалиге құттықтау жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстан Президенті әлемнің үздік кәсіпқой велошабандоздарының бәсекесіне қазақстандықтар бір ай бойы куә болғанын айтты.
«Сіздің еңбегіңіз бен жеңіске деген жігеріңіз барлық кезеңде біздің велокомандаға Қазақстанның спорттық жетістіктерін тағы да танытуға мүмкіндік берді», - делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы спортшыға және бүкіл «Астана» командасына велоспорттың басты жарыстарында топ жару жолындағы жемісті еңбек пен жанкешті күрес үшін ризашылық білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев Винченцо Нибалиге мықты денсаулық, бақ-береке, жаңа жеңістер мен спорттық жетістіктер тіледі.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Starlink ресми түрде іске қосылды
- 17 тамыз, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді