Жаңалықтар
Таразда түрме бастығы мен жүргізушісі жол апатынан мерт болды
- author «Ақ жол»
- 4 қазан, 2018
- 563
Таразда түрме бастығы мен жүргізушісі жол апатынан мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таразда болған жантүршігерлік жол апатынан қоныс колониясының басшысы мен жүргізушісі қаза тапты. Тағы бес адам ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қайғылы жағдай бүгін таңғы 8.00 шамасында болған. Мерседес пен Киа бетпе-бет соғылып, қызметтік машинадағы түрме басшысы мен жүргізушісі сол жерде тіл тартпай кеткен. Салонда болған түзеу мекемесінің төрт қызметкері де түрлі дене жарақатымен емдеу мекемесінде жатыр. Ал, Мерседесті тізгіндеген 41 жастағы жүргізушінің жағдайы өте ауыр. Оның бауырына қатты зақым келген. Жол апатына да осы азамат себепкер болуы мүмкін. Өйткені, ол мінген көліктің капоты ашылып, алдын жауып қалған. Сондықтан машина қарсы бетке шығып кетіп, Киаға соғылған.
«Жарақатпен бес науқас түсті, оның біреуі әйел. Ер кісілердің ішіндегі біреуі өте ауыр халде. Бауыры жарақаттанған. Қазір оның жарақаты тігіліп жатыр, жағдайы ауыр», - деп атап өтті №1 аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




