Геннадий Головкин Дэниэл Гилді нокаутқа жіберді

Геннадий Головкин Дэниэл Гилді нокаутқа жіберді
ашық дереккөз
Геннадий Головкин Дэниэл Гилді нокаутқа жіберді

2 3Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің австралиялық қарсыласы Дэниэл Гилді нокаутқа түсіріп, үшінші раундта жеңіске жетті. Жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті және кештің басты кездесуі болды.Головкин кездесудің басынан қарсыласын тұқыртып тастады, бір соққы кезінде Гил тіпті есеңгіреп қалды, бірақ бірден бойын тіктеп алды. Екінші раундта да Головкин белсенді жұдырықтап, қарсыласын құлата алды. Үшінші раундта Гилдің әлі құрыды.

Сөйтіп, Головкин WBA версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мәртебесін 11-рет, IBO версиясындағы атағын 8-рет сәтті қорғады.

Нью-Йорк штаты Атлетика комиссиясының мәліметінше, Геннадий Головкиннің бұл жекпе-жек үшін алатын сыйақысы - 750 000 доллар, бұл Дэниэл Гилдің табысынан 150 мың долларға артық.

Ақпарат көзі: tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар