Шакира 100 млн. жазылушы жинап, Facebook-те рекорд орнатты

Шакира 100 млн. жазылушы жинап, Facebook-те рекорд орнатты
ашық дереккөз
Шакира 100 млн. жазылушы жинап, Facebook-те рекорд орнатты
Колумбиялық поп-жұлдыз Шакира Facebook-тегі жанкүйерлері 100 миллиондық межеден асқан алғашқы адам атанды. Әр түрлі тілдерде ән орындап жүрген жұлдыз 91,9 миллион жазылушысы бар Эминем мен 89 миллион жазылушысы бар Рианнаны басып озды. Шакира әлеуметтік желіде, әсіресе, футболдан әлем біріншілігі кезінде белсенділік танытты. Ол түрлі фотоларын жиі-жиі желіге салып отырды. Солардың ішінде «Маракана» стадионында түскен суреті ерекше танымалдыққа ие болды. Оған шамамен 3,5 млн. адам лайк басыпты. Facebook-тің негізін салушы Марк Цукерберг Шакираны осынша көп жазылушы жиғанымен құттықтады. Интернет материалдары негізінде әзірленді.

Ұқсас жаңалықтар