Зульфия Чиншанло мен Мария Грабовецкая Азия ойындарына баратын болды
- author «Ақ жол»
- 22 шілде, 2014
- 512
Лондон олимпиадасының чемпионы Зульфия Чиншанло, Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Мария Грабовецкая және әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов Азия ойындарына баратын Қазақстан құрамасының құрамына енді.
Алматыда өткен Анатолий Храпатый атындағы турнирден соң Қазақстан құрамасының бас бапкері ауыр атлетикадан Инчхонда өтетін Азия ойындарына баратын спортшыларды атады. Кореяға әйелдер құрамасынан: Маргарита Елисеева ( 48 келіге дейін), Зульфия Чиншанло ( 53 келіге дейін), Сәуле Сәдуақасова ( 58 келіге дейін), Карина Горичева ( 63 келіге дейін), Жазира Жаппарқұлова ( 69 келіге дейін), Анна Нұрмұхамбетова ( 75 келіге дейін) және Мария Грабовецкая (75 келіден жоғары) барады. Еске сала кетсек, Инчхондағы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Қазақстан құрамасына үш «алтын» алу тапсырмасы қойылып отыр.
Бельгиялық физик Астананы Сингапур мен Дубай қалаларына теңеді Астананың сәулеті Сингапур мен Дубай қалаларынан кем емес. Бұл туралы Елордада өткен 45-ші Халықаралық олимпиадаға бағын сынауға келген бельгиялық команданың жетекшісі Филипп Леонард айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін кезекті Үкімет отырысы өтеді
- Бүгін, 09:15
Жасанды интеллектіні енгізу нақты нәтижеге бағытталуы тиіс – Бектенов
- 10 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді