ЭКСПО-2017 қарсаңында Астанада қонақүй бизнесiнiң қызметкерлерi арнайы дайындықтан өттi
- author «Ақ жол»
- 17 шілде, 2014
- 683
Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесi кезiнде шетел және отандық меймандарды қарсы алатын қонақүйлердiң қызметкерлерi Түркия мамандарынан тәлiм алды.
Ендi өзге мемлекеттерден келген туристердi халықаралық сертификаттарға ие, бiлiктiлiктерi жоғары қонақүй қызметкерлерi қарсы алатын болады. Джезим Өздемир, Пынар Токгоз, Бурак Дыкыджи, Мұрат Өзен, Озгюль Демир және Едже Тарлан сынды танымал түркиялық мамандар 85 елордалық қызметкердi тағылымдамадан өткiздi.
Астанада 10-16 шiлде аралығында өткен аталмыш семинар «Front office», «Housekeeping», «Food production», «Food and beverage», «Training Executives as trainers», «Personal improvement seminar» салалары бойынша өткiзiлдi.
«Тренингтердi өткiзу «ЭКСПО-2017» шарасы қарсаңында өте өзектi. Себебi қонақүй қызметкерлерi елдiң жағымды бет-бейнесiн қалыптастыруға, халқымыздың қонақжайлылығын танытуға атсалысатын бiрден-бiр адамдар болып табылады», - дейдi ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Туризм индустриясы комитетi басшысының орынбасары Мұхит Саймасаев.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тұлғалардың жолданымдары сапалы қаралуы қажет
- 31 наурыз, 2026
Байқаудың облыстық кезеңі аяқталды
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




