Ауызбірлік
Қараса ат басынан оза дұшпан,
Күншілдің көре алмайды көзі алыстан,
Жігіттер, туған жерге туыңды тік,
Біл бірақ, туған жерің – Қазақстан.
Алатау, Атырау да, Арқа да емес,
Біртұтас болсаң Иең тарқа демес.
Жүрегі бар қазаққа бірдей соққан,
Дағдарыста қалмайды дархан ел еш.
Бүйрегі бұра тартып, толқығандар,
Кетеді бөлінген соң еркі қолдан,
Рушыл, жершіл болып қалыптасар,
Жүректе мансапқорлық дерті бар жан.
Отаншыл бол кеудеңде от бар болса,
Ортада жүр оңаша қап қалғанша,
Бөліну мен бөтендік қалағандар,
Бөлшектене береді жоқ болғанша.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді