Спорт және туризм
Франция-Швейцария матчында мундиальдiң ең iрi есебi тiркелдi
- author «Ақ жол»
- 21 маусым, 2014
- 746
Франция-Швейцария матчында мундиальдiң ең iрi есебi тiркелдi
Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңiнде кездескен Франция мен Швейцария биылғы мундиальда ең нәтижелi матчтың авторлары атанды.
Ойындағы есеп 5:2 есебiмен Францияның пайдасына шешiлдi. Алғашқы таймда француздар өз қарсыластарына 3 жауапсыз гол салды. Ең бiрiншi Жиру ойынның 17-минутында есеп ашса, бiр минуттан кейiн Матьюиди басымдықты күшейте түстi. Кездесудiң 32-минутында Бензема пенальтиден гол сала алмады. Дегенмен 40-минутта Вальбуэна француздар салған үшiншi голының авторы атанды.
Екiншi таймда франциялық футболшы Бензема 67-минутта төртiншi допты қақпаға тоғытты. Ал 74-минутта Сиссоко Бенземаның пасынан кейiн бесiншi допты швейцариялықтардың қақпасына салып кеттi.
Алайда Швейцария аяқдопшылары матч соңында намысқа тырысып екi голды қатарынан салды. Бiрiншi 80-минутта Джемаили көзге түссе, алты минуттан соң Джака француздарға екiншi допты қақпаға енгiздi.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық құрама XXV қысқы Олимпиада ойындарында 10 спорт түрінен бақ сынайды
- 30 желтоқсан, 2025
Жылдың үздік спортшылары анықталды
- 29 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




