
21 маусымнан бастап «Алматы-Барселона» әуе рейсі ашылады
21 маусымнан бастап Алматыдан Барселонаға тікелей әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Қазақстандағы Испанияның Өкілетті және Төтенше елшісі Мануэль Ларротча Парадамен кездесу барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев мәлім етті.
Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған әуе рейсін «Boeing -757» ұшағымен «Эйр Астана» ұлттық әуе тасымалдаушысы жүзеге асырады.
Атап айтқанда, Алматыдан Барселонаға бағытталған рейстер аптаның сейсенбісі мен сенбісінде, ал Барселонадан Алматыға сәрсенбі мен жексенбі күндері қатынайтын болады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Starlink ресми түрде іске қосылды
- 17 тамыз, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді