Саясат
мүмкіндігі шектеулі азамат тар көрмені тамашалауға мүмкіндік алды
- author «Ақ жол»
- 9 қыркүйек, 2017
- 251
![мүмкіндігі шектеулі азамат тар көрмені тамашалауға мүмкіндік алды](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2017/09/1497090706593bca92e268d4.jpg)
мүмкіндігі шектеулі азамат тар көрмені тамашалауға мүмкіндік алды
Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүмкіндігі шектеулі 41 азаматқа Елордада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалауға мүмкіндік туғызды. Тараз қаласындағы орталық «Достық» алаңына жиналған қолдауға мұқтаж қамкөңіл жандарды қала әкімі Рүстем Дәулет, аталған басқарма басшысының орынбасары Ермек Бықыбаев сәт-сапар тілеп, шығарып салды.
Астананың бүгінгі ғаламат мүмкіндіктеріне, онда өтіп жатқан ЭКСПО-ның кереметтеріне тоқталған шаһар басшысы осы қамкөңіл жандарды Елордаға қыдырту үшін әкімдік жанындағы «Көне Тараз» қоғамдық қорынан 700 мың теңге бөлінгенін айтты. Сондай-ақ, бұл сапар үшін «АрайСтройМаркет-2020» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 500 мың теңге қаражат аударғанын жеткізді.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ермек Бықыбаевтың айтуынша, бұл туристер Елордаға 2 күндік сапармен барады екен. Олардың қонақ үйі дайын, тамағы, көлік мәселелері, барлығы шешілген. Жалпы 1 адамға жолақысы мен жатын орны, тамағын қосқанда 35 мың теңгеден айналған көрінеді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды Елордаға Тараздағы «Нұр-Перизат» зағип жандарға арналған қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан Ақпаев бастап барады. Ол сапарға шығып бара жатқан жолаушылардың көңіл-күйі жоғары екенін айтты.
Осылайша, тағы бір жолаушылар мінген автобус Елорданы, ЭКСПО қалашығын бетке алды.
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Жазғы лагерьлердің жартысына жуығы жұмысын тоқтатқан
- 22 шілде, 2024
Алтын құрсақты аналар құрмет құшағында
- 22 шілде, 2024
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді