
Облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан ҚР Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасы бойынша ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты өңірдегі – 15, Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты 7 мекемеде мемлекеттің активтерін және бюджеттік қаражаттарды пайдаланудың тиісті заңнамаларға сәйкестігі бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2017 жылдың 1 сәуіріне дейінгі аралықта аудиторлық іс-шара жүргізілді. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 169009,8 мың теңге болатын бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 47703,4 мың, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 103869,6 мың және мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына әсер етпейтін бұзушылықтар 17436,8 мың теңге көлемінде. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы Ішкі істер министрлігіне қарасты 15 мекемеде 148 897,2 мың теңгені, Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты 7 мекемеде 20112,9 мың теңгені құрады. Осыған байланысты өндірілуге және қалпына келтіруге жататын бұзушылықтар толығымен орнына келтірілді. Тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтар үшін мекемелердің лауазымды тұлғаларының – 17-сі сөгіс, 13-і ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қалтай ЖІГІТЕКОВ, облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті №2 мемлекеттік сектор аудиті бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Бюджетті тиімді игеру жағынан алдыңғы орындамыз
- 26 маусым, 2025
Шағын және орта бизнестің жағдайы қалай?
- 26 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді