
Жерлестеріміз үздік үштіктен көрінді
Алматы облысының Талғар ауданындағы ат спорты кешенінде өткен шөгеннен ІІ Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл туралы Қазақстан шөген қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Үш күнге созылған ел біріншілігінде алты команда бақ сынады. Олар: Оңтүстік Қазақстан облысы шөген федерациясының командасы, Ақмола облысы шөген федерациясының командасы, Аққия шөген клубы, Әулиеата шөген клубы, «Astana polo club» пен «Almaty polo club» командалары.
Финалда «Astana polo club» пен «Almaty polo club» командалары чемпиондық атаққа таласты. Қорытынды есеп 6:4. «Astana polo club» командасының пайдасына шешілді. Жарыста үшінші орын үшін таласта облысымыздың намысын қорғаған Әулиеата шөген клубы Ақмола облысы шөген федерациясының командасын 2:1 есебімен жеңіп, үздік үштіктен көрінді. Айта кету керек, жерлестеріміз былтырғы чемпионаттың жеңімпазы атанған болатын.
Жарыстың жүлде қоры 2 миллион теңгені құрап, жарыс жеңімпаздары 1 миллионға ие болса, ІІ орын алған «Almaty polo club» командасы 600 мың теңге, Әулиеата шөген клубы 400 мың теңге сыйақыны ұтып алды.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды
- 16 қыркүйек, 2025
Қазақстанда Орталық Азияда теңдесі жоқ ауқымды спорт нысаны іске қосылды
- 16 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді