![Корея республикасының бұрынғы президентімен кездесті](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2017/07/b892abfad1d5585dc20c634b2e883781.jpg)
Мемлекет басшысы Корея Республикасының бұрынғы президенті Ли Мен Бакпен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының бұрынғы президенті Қазақстанға келіп отырғанына қуанышты екенін айтып, оған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Корея Республикасы павильонының ашылу рәсіміне қатысқаны үшін ризашылық білдірді. – Сіз Корея Республикасының президенті болған кезде елдеріміздің ынтымақтастығы стратегиялық деңгейге көтерілді. Сол нәтижеге қол жеткізу үшін көп жұмыс атқарылды, – деді Қазақстан Президенті. Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Корея қарым-қатынастарын одан әрі дамытудың мәселелерін қарастырып, оның аясын кеңейту қажеттігін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді