Бір күнім тағы да сырғыды

Бір күнім тағы да сырғыды
ашық дереккөз
Бір күнім тағы да сырғыды

Зеберкүл Шардарбекова,

Тағы да... сырғыды бір күнім, Жылжыған жылдарға жамалып. Тірлігін істетіп жындының, Ойдан да, жырдан да ада қып.

Табалап сықпытсыз түрімді, Сағаттар барады зырылдап. Онсыз да өлшеулі күнімді, Шетінен бітірді жырымдап.

Күнді күн барады қуалап, Жарысқан баладай, о несі? Жеттім бе дегенде сығалап, Тұрады айың да келесі.

Бір күнім тағы да сырғыды, Бір түрлі мақсатсыз, мұратсыз. Уақыт неғылсын жындыны, Ғұмыры керексіз, сұрақсыз...

Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар