«Мұндай жекпе-жекті 20 жыл күттім»

«Мұндай жекпе-жекті 20 жыл күттім»
ашық дереккөз
«Мұндай жекпе-жекті 20 жыл күттім»

Орта салмақта WBA (super) WBC, IBF, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақ елінің мақтанышы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес арасындағы шайқасқа екі айға жуық уақыт қалды. Астана уақытымен 17 қыркүйектің ала таңында шаршы алаңда бар өнерін ортаға салатын қос боксшы қазір қызу дайындық үстінде. Кәсіпқой бокс меккесі саналатын Лас Вегастағы «T-mobile» аренасында өтетін жыл жекпе-жегі алдында қос боксшы бір-бірі туралы ойларын ашық білдіруде. 37 рет жеңіске жетіп, 33 қарсыласын мерзімінен бұрын ұтқан Геннадий Головкин кәсіби мансабында тек Флойд Мейвезерге есе жіберген Сауль Альвареске қарсы өтетін кездесуін 20 жыл күткенін айтты. «Мен мұндай керемет шайқасты 20 жыл күттім. Өзім бұған дейін қолғап түйістірген боксшылардан Канелоның айырмасы – ол ұлы чемпион. Қыркүйекте екеуміз керемет шоу жасайтынымызға сеніңіздер», – деді Генаның өзі ESPN арнасына берген сұхбатында. Бұған дейін Сауль Альварес салмақ дәрежесіне қарамастан әлем үздігі анықталатын шайқаста Головкинді нокаутпен жеңуге бел буып отырғанын айтқан болатын. Гена да өз кезегінде реті келсе қарсыласын сұлатып салатынын бірнеше мәрте мәлімдеп үлгерді. Шамасы, қыркүйек айында жанкүйерлерді шын мәнінде ұлы шайқас күтіп тұрған сияқты. Көрейік...

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар