Журналист Кеңес Рахметуллаев көп жылдар бойы облыстық газетте жауапты хатшы болды. «Штабтан» кете алмайды, іссапарға сирек шығады. Бір күндері Қордай ауданына жолы түседі. Қасында ауданның жауапты қызметкерлері бар, кешке дейін шаруашылықтарды аралайды. Қонақ үйге шаршап жеткен журналистке арнап дастархан жайылады. Жергілікті жігіттер сыры беймәлім қонақтан ыңғайсызданып, үстел астындағы «ақмағанбеттерін» шығара алмай отырады. Ақыры, бір батылдау жігіт: – Кеңеке, шаршап келдік, бір елу грамға қалай қарайсыз, – деп қипақтайды. Кеңкең жұлып алғандай: – Жоқ, болмайды елу грамм – депті. Жігіттер сасқалақтап, қипақтап қалады. Сәл кідірістен кейін: – Ішкен соң елуден емес, жүз елуден бірнеше рет тарту керек қой, – дейді қонақ көңілдене. Отырғандар ду ете түседі. Артынша: – О-о-о, Кеңеке, «өзіміздің жігіт» екенсіз ғой, – деп бәрі де жайылып сала берген екен.
Дүйсенбек АЙБЕКОВ, журналист.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Әуезовтің рухы кезген мұражай
- 23 шілде, 2024
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді