
Жаңатас-Түркістан пойыз жолы
бұрын арман болса, енді шындыққа айналады
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев және «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС бас директоры Дмитрий Валышев өзара түсіністік және серіктестік жөніндегі Меморандумға қол қойған болатын. Осы құжат бойынша облыста алғаш рет мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында өнеркәсіп нысандарына автомобиль және темір жол құрылысын жүргізу жүзеге асатын болды.
Баршаға мәлім, Жаңатас қаласында минералды тыңайтқыш өндірісі мен жаңа технологияны пайдаланып фосфат өңдейтін химиялық кешен құрылысы жүріп жатыр. Дайын өнімді шығару келесі жылдың соңына жоспарланған. Сол өнімді сатуды қамтамасыз ету мақсатында «ЕвроХим-Қаратау» компаниясы Инвестиция және даму министрлігінің қолдауымен және облыс әкімдігімен бірлесіп, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жағдайында екі жобаны жүзеге асырады. Бұл – ұзақтығы 4,8 шақырым болатын «Жаңатас-Шымкент» айналма автомобиль жолы учаскесі мен облыс аумағындағы қашықтығы 25 шақырым болатын Жаңатас- Түркістан желісіндегі темір жол учаскесінің құрылысы.
Автомобиль жолының құрылысы биыл басталады. Ал темір жолдың құрылысын дайын өнім шыға бастаған уақытта, демек 2019 жылы аяқтау жоспарлануда. Инвестициялар және даму министрлігі жобалардың жүзеге асуына, соның ішінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жан-жақты қолдау көрсететін болады.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Міндеттерді жүзеге асыру – барша азамат үшін ортақ іс
- 16 қыркүйек, 2025
Көлік-логистикасының дамуы – жүк тасымалын арттырады
- 16 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді