Үкімет энергия тиімділігін ынталандыру үшін жаңа шараларды енгізуді жоспарлауда

Үкімет энергия тиімділігін ынталандыру үшін жаңа шараларды енгізуді жоспарлауда
ашық дереккөз
Үкімет энергия тиімділігін ынталандыру үшін жаңа шараларды енгізуді жоспарлауда
- Үкімет энергия тиімділігін ынталандыру үшін жаңа шараларды енгізуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.
Вице-министрдің атап өткеніндей, Мемлекет басшысы бірінші бесжылдық барысында энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Онда Президент елдің ЖІӨ-інде энергия жұмсауды 2015 жылға қарай 10 пайызға, 2020 жылға - 25 пайызға, 2050 жылы - 2 есеге дейін азайтуды жүктеген болатын. А.Раудың сөзіне қарағанда, бұл тапсырманың бірінші кезеңі сәтті жүзеге асқан. Қазіргі уақытта ЖІӨ-нің энергия тұтыну көрсеткіші 2008 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде 13 пайызға азайған. «Бұл экономиканың құрылымдық өзгерістеріне байланысты болды. Яғни, біздің экономиканың дамуы энергия пайдалануға қарағанда жылдамырақ болды», - деді А.Рау. Қазіргі уақытта энергия тиімділігі бағдарламасының аясында жүзеге асырылған бірқатар шаралар да қатты әсер еткен. Атап айтқанда, тиісті заңнамалық нормативтік база жасақталған, энергия аудиторларының институты құрылды. «Дегенмен алдымызда үлкен ауқымдағы міндеттер тұр. Осы үдерісті ынталандыратын бірқатар заңнамалық өзгерістер қажет деген шешімге келдік», - деп түйді сөзін бірінші вице-министр.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар