Елорда төрін тоқсан күн бойы дүбірге бөлейтін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтетін күн жақындаған сайын бұл бағыттағы іс-шаралар легі толас табар емес. Әрине, мұндай шаралар әлем назарын аударған ауқымды іске деген халықтың құрметін арттыра түсетіні анық. Мұны біз облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобы мен «Қоғамдық келісім» мекемесі өкілдерінің бірігіп өткізген «ЭКСПО-2017: әлемдік экономикадағы жаңа мүмкіндіктер» атты ғылыми сараптамалық конференцияда тағы бір сезіне түстік. Конференция жұмысын облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков ашып, жүргізді. «Өндірістің жаңарушы және қалпына келуші қалдықтары – инновациялық энергияның негізі» атты алғашқы баяндаманы аталған университеттің жаңа технологиялар және ғылым департаментінің директоры Исабай Бекбасаров жасады. Ол облысымызда баламалы энергия көздерінен қуат алу 114 МВт-ты құрағанын, Жуалы ауданында іске қосылған «Бурное Солар-1» ірі күн электр стансасының, Қордай ауданындағы желден энергия алудың ғажайып мүмкіндіктеріне тоқталды. Мұнан соң облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары Парида Мамедова, «Золотой Караван» туристік компаниясының директоры Альбина Веймер өз ойларын ортаға салды. Бұдан соң сөйлеген М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті Әмина Насибулина ЭКСПО көрмесіне келетін бір туристен елімізге 1 мың АҚШ доллары көлемінде пайда түсетінін, бұл халықаралық шара мемлекетіміздің айбынын асқақтата түсетінін, оның ішінде тарихи Тараз шаһарының да аты талай елге танылатынын жеткізді. Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығын, туризмді дамыту еліміздің экономикасына табыс әкелетінін де қозғады. Мұнан кейін мінберге көтерілген ТарМУ-дың доценті Сейдахан Бақторазовтың баяндамасында қызықты деректер өте көп болды. Ол тәуелсіздігімізді алған жылдардан бері еліміздің экономикасына 240 миллиард доллар инвестиция тартылғанын, мұндай өркендеу Елбасының сарабдал саясатына, «Қазақстан – 2050» Стратегиясына байланысты болғанын, алдағы уақытта елімізде шикізат емес өнім түрін 70 пайызға жеткізу жоспары өрлеуге жасалған қадам екенін айтты. Сондай-ақ, ол мемлекетімізде жылына 70 мың автомашина өндіріліп жатқанына, азық-түлік, мал және құс етін өндіруде де жақсы жетістіктер бар екеніне, бәсекеге қабілеттілігіміз арта түсуі қажеттігіне тоқталды. Мұнан соң аталған университеттің аға оқытушысы Жанғазы Молдамұратов, магистр Олжас Қожас өз ойларын ортаға салды. Жиынды қорытындылаған Махметғали Нұрғалиұлы басқосуда айтылған пікірлердің өзі жаңа бағыттағы жұмыстарға серпін беретінін айта келіп, жиналғандарды ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне үлес қосуға шақырып, көпшілікке алғысын білдірді.
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Болашақ сарбаздар бірқатар сараптамадан өтуге міндеттелді
- 29 қазан, 2024
Кітапханадағы келелі кездесу
- 29 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді