Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың 7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен құттықтауы
Құрметті Ұлы Отан соғысы ардагерлері! Қымбатты сарбаздар мен сардарлар! Қадірменді жерлестер! Сіздерді Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл Қазақстан Қарулы Күштеріне – 25 жыл, адамзат тарихында өшпес із қалдырған сұрапыл соғыстың аяқталғанына 72 жыл толды. Бұл – қан майданда парыз бен намысты алға қойған қайсар мінезді жауынгерлеріміздің ерен ерлігін, биік рухын ұлықтайтын күн. Бейбіт елдің тыныштығын қорғаған ардагерлерге, шекара шебінде кірпік қақпай күзетте тұрған сарбаздар мен Отанға қызмет етуші барша жандарға құрмет көрсететін жалпыхалықтық мереке. Сол зұлмат соғыстағы жеңіс болмаса, бүгінгі таңда жарқын болашаққа қарай батыл адымдап келе жатқан байтақ мемлекет те болмас еді. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі – осынау мерекенің жемісі. Қан майданнан оралмаған батыр қандастарымыздың есімі мәңгі ел есінде, ал осы күнге жеткен қазыналы қарттарымыз, ардагерлеріміз, тәуелсіз еліміздің Қарулы Күштері қатарында қызмет етіп жүрген жауынгерлеріміз – әрқашанда мемлекеттің ерекше қамқорлығында. Ел басына күн туған шақта облысымыздан майданға 70 мыңнан астам азамат аттанып, соның 36 мыңнан астамы елге оралмады. Майданда ерен ерлік көрсеткен 22 жамбылдық Кеңес Одағының Батыры, 7-еуі «Даңқ» орденінің толық иегері атанды. Ардагерлерге құрмет көрсету, олардың ерлік жолдарын жас ұрпаққа үлгі-өнеге ету – біздің басты парызымыз. Қазақстан Қарулы Күштеріне жүктелер жауапкершілік өте зор. Олар бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, республика аумағының тұтастығын қорғауға міндетті. Бұл – жас жауынгерлер үшін асқақ абырой деп білемін. Антына адал, сертіне берік Отан қорғаушылардың мәртебесі мен мерейі қашанда асқақ. Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері! Қымбатты сарбаздар мен сардарлар! Сіздерді 7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күні мерекесімен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін. Тәуелсіз еліміздің тұғыры қашанда биік болсын!
Ұқсас жаңалықтар
Болашақ сарбаздар бірқатар сараптамадан өтуге міндеттелді
- 29 қазан, 2024
Кітапханадағы келелі кездесу
- 29 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді