
Кәсіпқой рингте «Қазақ» лақап атымен танылған қазақстандық боксшы Қанат Ислам келесі кездесуін 26 мамырда АҚШ-тың Флорида штатында өткізетін болды. Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшысының қарсыласы да анықталды. Ресми мәліметтерге сенсек, Қанат Ислам мексикалық былғары қолғап шебері Норберто Гонсалеспен күш сынасады. Қазақ боксшысы кәсіпқой рингте өткізген 23 кездесуінің барлығын жеңіспен аяқтағаны, 19 қарсыласын сұлатып салғаны баршамызға мәлім. Ал Норберто Гонсалес (лақап аты Әзәзіл) кім? Мексикалық боксшы 31 жекпе-жек өткізіп, оның 23-інде қарсыласын жеңсе, сегіз кездесуде ұтылған. Екі мәрте мерзімінен бұрын жеңілістің ащы дәмін татқан. Қос боксшы WBO NABA және WBA intercontinental белбеулерін сарапқа салады. Қанаттың командасының таңдауы неге Гонсалеске түсіп отыр? Шыны керек, қазақ боксшысы бұған дейінгі көптеген кездесулерін рейтингте өзінен төмен тұрған боксшылармен өткізгені мәлім. Ал Гонсалес boxrec түзген рейтингте Қанат Исламнан жоғары тұр. Нақтырақ айтсақ, Қанат Ислам boxrec рейтингінде 52-орынға орнықса, Гонсалес 43-орынға жайғасқан. Осыдан-ақ Қанаттың рейтингтегі жағдайды түзеуге, мықты қарсыластармен қолғап түйістіруге ұмтылып отырғанын байқауға болады. Норберто Гонсалесті жеңген жағдайда Қанат Ислам өзіне даңғыл жол ашатыны сөзсіз. Алдағы уақытта қазақстандық былғары қолғап шебері әлем чемпионы атағына жұдырықтасуға ниетті екені мәлім. Ендеше, отандасымызға толайым табыстар тілейміз!
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
«DASTAN CUP» облыстық турнирі мәресіне жетті
- 9 қыркүйек, 2025
Әйгерім Сәттібаева алтыннан алқа тақты
- 4 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді