
Қыркүйекте ЕАЭО туралы келісімшарт бекітілмек
Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарт Ресей және Беларусь парламенттерімен бірлесіп жүргізіледі. Ал қыркүйек айында оны бекіту жоспарланып отыр. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаевтың мәлімдеуінше, одақ аясындағы қарым-қатынастарды дамыта отырып, Қазақстан өзiнiң ең басты стратегиялық мақсаттарына қол жеткiзедi. Сондай-ақ, депутат Еуразиялық интеграцияның үш басты қағидасын атап өтті. Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Еуразиялық интеграция Қазақстан тәуелсіздігін сақтап, оның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз еткен жағдайда ғана дамиды. Бұл – интеграцияның басты қағидасы. Екінші маңызды қағида – экономикалық прагматизм. Елдер нақты экономикалық мүддеге сай ықпалдасады. Бұл ешқандай да астарлы саяси мүдде емес, тек қана экономикалық қарым-қатынас. Соңғы қағида – мемлекеттер арасындағы теңдік және тең құқылық.
Ақпарат көзі: www.baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Дамудың даңғылы – жаңа жол
- 16 қыркүйек, 2025
Әлеуметтік салада 96 пайыз қызмет онлайн форматта көрсетіледі
- 16 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді