Денсаулық
Данияр Ақышев пен Аслан Сәрінжіпов Медеуге велосипедпен көтерілді
- author «Ақ жол»
- 8 тамыз, 2016
- 412

Данияр Ақышев пен Аслан Сәрінжіпов Медеуге велосипедпен көтерілді
ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұрынғы басшысы Аслан Сәрінжіпов пен ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласының төңірегінде волсеруенге шықты, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.
Бірге түскен суретті Аслан Сәрінжіпов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Ер адамдар "Медеу" мұз айдыны алдында спорттық киімдер киінген және велосипед ұстап суретке түскен.
"Демалыста. Медеуге дейін веложарыс. Ақышев Данияр Талғатұлы ширақ екен. Мен қалыспауға тырыстым", - деп жазды Сәрінжіпов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Аслан Сәрінжіпов 42 жаста, ал Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев биыл 40-қа толады.
Еске салайық, Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов ақпан айында білім және ғылым министрі қызметінен босатылған. Кейінірек ол "Назарбаев Қоры" президенті және "Nazarbayev University" қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып тағайындалған болатын.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Қаратау елді мекенінде жаңа медициналық пункт ашылды
- 14 қыркүйек, 2025
Тараздық 350 жігіт әскерге барады
- 7 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді