Қазақстанға заңсыз өтпек болған 46 өзбекстандық ұсталды
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында көші-қон заңнамасын бұзған өзбекстандық азаматтар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ынтымақ елді мекенінде рейд барысында қазақстандық Сарыағаш шекара бөлімінің шекарашылары Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын бұзған 46 өзбекстандық азаматты ұстады. Олар жеке мақсатта өтпек болған", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Ұстау туралы ақпарат Сарыағш аудандық құқық қорғау органдары өкілдеріне хабарланды.
Еске салайық, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың төрағалымен Сарыағаштағы Достық елді мекеніндегі шекара бойында 100 метр жерде орналасқан үйлер бойынша шұғыл жиналыс өткен. Мәжілісте 2005 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара демаркацияланып, шекара сызығы анықталғаннан кейін сонда қалып қойған Достық елді мекеніндегі 10 үйдің мәселесі қаралған.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бруцеллез – қауіпті зооноздық ауру: алдын алу мен бақылау
- 11 наурыз, 2026
Әрбір бесінші бала алыстан көрмейді
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




