Спорт және туризм
Кореялық садақшы Олимпиадада әлем рекордын орнатты
- author «Ақ жол»
- 6 тамыз, 2016
- 350
Кореялық садақшы Олимпиадада әлем рекордын орнатты
5 тамызда Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында кореялық садақшы Ким У Джин әдемдік рекордты орнатты. Ол 700 ұпай жинады.
Бұған дейінгі рекорд 699 балл болған еді. Енді 2016 жылғы Олимпиада барысында Ким У Джин осы рекордты жаңартып отыр.
Жарыста екінші нәтижені америкалық Брэди Эллисон (690 балл) көрсетсе, ал үшінші орыннан итальяндық Давид Паскалуччи (685 балл) көрінді. Жалпы, жарыстарға 64 спортшы қатысты.
Айта кетейік, бүгін Бразилияда Рио-де-Жанейро қаласында XXXI Жазғы Олимпиада ойындарының алауы жағылды. Бұдан кейін, БҰҰ Бас xатшысы Пан Ги Мун Ойындарға қатысқалы келген спортшыларға сәттілік тілеп, әлем xалықтарын Олимпиада кезінде бейбітшілікті сақтауға үндеді. Жарыстар 21 тамызға дейін жалғасады.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Үстел теннисінің үміттері
- 10 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді