Денсаулық
Рио-2016: Тағы бір қазақстандық теннисші жарысқа қатыспайды
- author «Ақ жол»
- 5 тамыз, 2016
- 431

Рио-2016: Тағы бір қазақстандық теннисші жарысқа қатыспайды
Олимпиадаға жолдама алған теннисшілеріміз бірінен соң бірі жарысқа қатыспайтындарын мәлімдеуде. Жекелей сында ел намысын Галина Воскобоева қорғау керек болатын. Бірақ аяқ асты алған жарақатына байланысты, 31 жастағы спортшы додаға қатысудан бас тартты. Амал жоқ, оның орнын, Ярослова Шведова алмастырады. 28 жастағы жерлесіміз алғашқы кездесуін жапондық теннисшімен өткізеді. Айта кеткен жөн, бұған дейін еліміздің бірінші ракеткасы Юлия Путинцеваның да жазғы ойындарға қатыса алмайтындығы белгілі болды. Себеп - иығынан алған жарақат. Бұған қоса, Михаил Кукушкин де дәл осындай себеппен Рио-де-Жанейроға барған жоқ. Ақпарат көзі: www.24.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараздық 350 жігіт әскерге барады
- 7 қыркүйек, 2025
Облыс бойынша әлі де 109 дәрігер жетіспейді
- 4 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді