Назарбаев ресми сапармен Түркияға келді
Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Түркияға келді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Түркия президенті Ердоғанмен келіссөздер өткізу үшін Анкараға келді", - делінген хабарламада.
Түркия президентінің сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Президенті Ердоғанмен келіссөздер жүргізіп, екі ел президенттерінің баспасөз конференциясын өткізуі мүмкін екені айтылады.
"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Ердоғанның шақыртуымен 5 тамызда Түркияға барады. Сапар барысында президенттер жеке сөйлеседі, сонымен қатар делегация құрамымен келіссөздер жүргізіледі. Біздің стратегиялық серігіміз Қазақстанмен әріптестікті барлық салада кеңейту талқыланады, сонымен қатар Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің қызметі сөз болады", - делінген түрік лидерінің әкімшілігінің мәлімдемесінде.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Цифрлы Қазақстанға апарар сенімді жол
- Бүгін, 01:36
Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды
- 17 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді